389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджетті әзірлеудегі проблемалар талқыланды

  • 404
  • UPD: 17:39, 18.04.2018

Бюджеттік бағдарламалардың үштен бір бөлігі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарымен сәйкес келмейді екен.

Бүгін Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников Парламент Сенатында осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, кейбір мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары бірін-бірі қайталайды. Салдарынан 5 жылға жоспарланған құжатты жүзеге асыруға тиісті қаражат бөлінбей қалатын жағдайлар да болады екен. «Осының барлығы бюджетті әзірлеуге кедергі келтіріп отыр. Сол себепті заңнамаға өзгеріс енгізу қажет», – дейді мамандар.

Константин Плотников, Есеп комитетінің мүшесі:

– Бұған дейін қабылданған шешімдер бізге бюджетті жасауға кедергі келтіріп отыр. Себебі олардың арасында байланыс жоқ. Былтыр бюджет туралы заңға 31 өзгеріс енгізілді. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін әр ведомстводағы тұлғалардың жауапкершілігін арттыру керек. Бюджеттегі қаржыны бағдарлама берген нәтижелерді ескере отырып, тек алдын ала құрылған жоспарға сай жаратқан жөн.

Хабар 24 телеарнасы