377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Корея зияткерлік көлік жүйесін дамытуда өзара көмек көрсетуге келісті

  • 676
  • UPD: 15:26, 19.04.2018
Қазақстан мен Корея зияткерлік көлік жүйесін дамытуда өзара көмек көрсетуге келісті

ҚР ИДМ Көлік комитеті мен Оңтүстік Кореяның Зияткерлік көлік жүйесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Зияткерлік көлік жүйелерін (ITS) зерттеу, жоспарлау, ілгерілету мен дамыту мәселелері жөніндегі екі тараптың ынтымақтастығын нығайту.

Бұл тұрғыда ғылыми-зерттеу, білім беру және сауда ынтымақтастығына баса көңіл бөлінеді.

Меморандум аясында екі тарап өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады.

Онда ITS-ті қолдану жөнінде ақпарат алмасуды реттеу, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық сынақтар өткізу және басқа да мәселелер қамтылады.

Қазақстанда ITS көлік пайдаланушыларын, инфрақұрылым мен көлікті біріктіреді. Оның басты мақсаты - жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Елімізде жекелеген учаскелерде ақы төлеу және автоматтандырылған өлшеу құралдары сияқты ITS компоненттері іске қосылған. Бейне бақылау және жол ережелерін бұзғандарды анықтау, жолдарда ауа райының климаттық жағдайларына талдау жасау және болжау жүйелерін енгізу жұмыстары атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы