389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласындағы зейнетақы төлемдері 185 060 млн теңгені құраған

  • 433
Алматы қаласындағы зейнетақы төлемдері 185 060 млн теңгені құраған

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «БЖЗҚ» АҚ Өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департаментінің директоры Мамила Құрманжанқызының қатысуымен брифинг өтті.

Мамила Құрманжанқызының айтуынша, 2018 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы жинақтарының сомасы есептік кезең ішінде 1 095 473 млн. теңгеге немесе 16,4%-ға өсіп, 7 780 738 млн. теңгені құрады.

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 2018 жылғы 1 қаңтарда 10 119 мың бірлікті құрады, оның ішінде МЗЖ бойынша – 9 637 мың, МКЗЖ бойынша – 443 мың, ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) – 39 мың бірлік.

Шарттардың барлық түрлері бойынша өткен жыл үшін түскен жарналар 757 699 млн. теңгені (2016ж. көлемнен 8 %-ға артық), зейнетақы төлемдері ЖТС есебімен 185 060 млн. теңгені құрады, оның ішінен 72% (132 632 млн. теңге) жасы бойынша берілген төлемдерге жатады, сақтандыру ұйымдарына аударылғаны – 26 058 млн. теңге, ал әскери қызметкерлердің бюджетке қайтарылған 50% міндетті зейнетақы жарналары 1 663 млн. теңгені құрады,-дейді ол.

Еліміз бойынша аударылған жарналардың орташа айлық саны – 5,6 млн. 2017 жылғы МЗЖ-ның орташа айлық сомасы 15,1 мың теңгені1 құрады. (Салыстыру үшін, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің2 деректеріне сай Республика бойынша орташа айлық жалақы 2017 жыл бойына 140,3-тен бастап 163,7 мың теңгеге дейін түрленіп отырды). 2016 жылы орташа айлық МЗЖ 14,2 мың тенгені2 құрады, (орташа айлық жалақы 132,8-нан бастап 142,4 мың теңгеге дейін түрленіп отырды).

2017 жылғы таза инвестициялық табыс (комиссиялық сыйақыларды шегеріп тастағанда) 550 556 млн. теңгені құрады.

Зейнетақы активтерінің есептік кезеңдегі нақты табыстылығы (зейнетақы активтерінің есебі жүргізілетін шартты зейнетақы бірліктері құнының өсуі негізінде есептелетін) көрсетілген кезеңдегі жинақталған құнсыздану деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа асып түсіп (7,1% құраған болатын), 7,9% құрады,-деп атап өтті ол.

2017 жылы ЖЗШ саны 76 мың бірлікке (1%) өсті. Мұндай көбею Қордың жаңа салымшылары үшін 396 мың ЖЗШ ашу және мына себептер: зейнетақы жинақтарының төленуіне байланысты – 192 мың шарт (60%), шарттардың деректер базасын өзектендіру нәтижесінде салымдарды біріктіру – 81 мың шарт (25%), ЖЗШ ашылған күннен бастап 36 ай өтсе де зейнетақы жинақтарының болмауына орай – 47 мың шарт (15%) бойынша 320 мың ЖЗШ-ның жабылуы есебінен орын алды.

Шоттардың 53%-ның иегерлері ер азаматтар (4,9 млн. ЖЗШ) және 47% әйелдерге (4,3 млн. ЖЗШ) тиесілі болып табылады.

Салымшылардың МЗЖ есебінен орташа жинақтары ерлер арасында 944,8 мың теңгені, әйелдер арасында 716,8 мың теңгені құрады. Зейнеталды жасындағы салымшылардың (ерлер 60-62, әйелдер 55-57) МЗЖ есебінен қалыптастырылған орташа жинақтары ерлер арасында 1 152,6 мың теңгені және әйелдер арасында 1 017,4 мың теңгені құрады.

Бұл ретте, зейнетақы жарналарын тұрақты түрде, яғни 15-20 жыл бойына жыл сайын 10-нан бастап 12 жарнаға дейін аударып отырған салымшылардың орташа жинақтары ерлер арасында 3 300 мың теңгені және әйелдер арасында 2 261 мың теңгені құрайды, – деп баяндады департамент директоры Мамила Құрманжанқызы.

Хабар 24 телеарнасы