384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электронды декларация тауар сатып алу және сатуды жеңілдетті

  • 474
  • UPD: 08:20, 25.04.2018

Электронды декларация жүйесі халықаралық тауар айналымын жеңілдете түсті.

Бірінші сәуірден бастап, еліміздегі бірқатар компаниялардың кедендік рәсімдеуді қажет ететін тауарлары электронды декларацияға ауысты. Нәтижесінде транзиттік тауар, импорт пен экспорттың 85 пайызы электронды құжатпен рәсімделген. Яғни 18 мың электронды декларация жасалған.

Айта кетсек, «Астана-1» ақпараттық жүйесі кедендік тауарларды электронды түрде рәсімдейді. Мысалы, импортты қабылдап алатын компания кеден бекеттеріне келместен құжаттарын рәсімдеп, берілген арнайы рұқсат номері арқылы тауарды алып кете алады.

Айта кетейік, электронды декларация өткен жылдың қазан айында транзиттік тауарларға енгізілген болатын.

Роман Абрамов, кондитерлік фабрика өкілі:

- Бұрын тауарды қабылдап алу немесе шет елге жіберу үшін декларация алуға бір күн бойы құжат рәсімдейтінбіз. Мысалы, біз какао мен қантты сырттан аламыз. Қазір бәрі жеңілдетілді. Кеңседе отырып құжаттарды рәсімдеп, электронды декларация жасалады. Содан кейін қалаған уақытта тауарды алып кетуге болады.

Хабар 24 телеарнасы