383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында экономикалық форум өтіп жатыр

  • 466
  • UPD: 12:09, 25.04.2018

Павлодардың Ақсу қаласында экономикалық форум өтіп жатыр. Еліміздегі моноқалалардың қатарына кіретін бұл шаһар - ірі өндіріс ошақтарымен танымал.

Экономикалық форумның мақсаты ғылымды, өнеркәсіпті және бизнесті біріктіру. Ақсудың ауылдық аймақтарында ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай бар. Форумда тауар өндірушілер, тұрақты инвесторлар өзара келіссөздер жүргізеді. Және инвесторлардың тың жобалары таныстырылады. Жоғары класты керамикалық гранит сәулет саласына таптырмас құнды материал болуы тиіс. Шикізат қоры жеткілікті ме?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Ақсу аумағында мұндай кең ауқымды жоба алғаш рет өтіп отыр. Экономикалық форум жергілікті тауар өндірушілердің көрмесінен басталды. Дәл қазір пленарлық мәжіліс жүріп жатыр. Аймақтағы барлық жоғары оқу орындарының ғалымдары өздерінің инновациялық зерттеулерін, жаңа ғылыми жобаларын ұсынады. Инвесторлардың қызығушылығына ие болатын жобалар аз емес. Мәселен, техникалық майлардан жанар-жағармай алу немесе қатал климатқа төтеп беретін тротуар плиталар жасау. Көмірден сұйық газ алу. Тағы бір ерекше жоба –жаңа технологиялардың көмегімен керамикалық гранит алатын инновациялық өндіріс құруға мүмкіндік береді.

- Өте қызықты жобалар таныстырылып жатыр екен. Жоғары классты керамикалық гранит сәулет саласына таптырмас құнды материал болуы тиіс. Шикізат қоры жеткілікті ме? Жалпы қайдан алынады?

ҚарлығашҚасиетова, тілші:

- Бұл инновациялық өндіріске инвесторлар да қызығушылық білдіріп жатыр. Оны С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің сәулет-құрылыс факультеті ұсынып отыр. Бұл бізге де қызықты сауал. Жоба авторларын тыңдасақ.

Марат Күдерин, С.Торайғыров атындағы ПМУ сәулет-құрылыс факультетінің деканы:

Экономикалық форум ауылшаруашылығы саласын да кеңінен қамтып отыр. Өйткені Ақсудың ауылдық аймақтарында көкөніс өсіретін ірі шаруашылықтар орналасқан. Суармалы егіс алқаптарының да көлемі жылдан жылға артып келеді. Мамандар бұл саланы ғылыммен ұштастыру өнімділікті арттыруға сеп болатынын атап өткен еді. Экономикалық форумның қортындысы бойынша жаңа бизнес бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында бірқатар меморандумдарға қол қойылады. Қатысушылар мұндай әріптестіктер ел экономикасын дамытуға зор үлес қосады деген сенімде.

Хабар 24 телеарнасы