388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазпошта» бөлімшелерінде несие рәсімдеуге болады

  • 590
  • UPD: 22:21, 27.04.2018

Жыл басынан бері 30 мыңнан астам азамат «Қазпошта» бөлімшелерінде несие рәсімдеген.

Бүгінде орталық 3 банпен бірлесе жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы да бірнеше қаржылық ұйыммен келісімшарт жасасып, көрсетілетін қызметтер қатарын арттырмақ.

Елорда тұрғыны Ерлан Баянов несие алу мақсатында «Қазпошта» бөлімшесіне келді. Айтуынша, енді талай банктің есігін тоздырып, шарттарымен танысудың қажеті жоқ. Бүгінде орталық 3 банкпен әріптестік келісімшарт жасасқан.

Ерлан Баянов, қала тұрғыны:

Мен машинада келе жатып, радиодан жарнама естідім. «Қазпошта» несие береді екен. Өзіме телефон керек еді. Енді 6 айға телефон алып жатырмын.

«Қазпошта» бөлімшелері агенттік қызметті бұдан 18 жыл бұрын бастаған. Жыл сайын заманауи жобалар енгізіліп, көрсетілетін қызметтер қатары артып отыр. Ал былтыр несие алу үшін алдымен биометриялық тексеру енгізілді. Енді несие рәсімдеуші азаматтың бет-бейнесі мен жеке куәлігіндегі деректер сәйкестендіріледі.

Айнұр Күнқожаева, «Қазпошта» АҚ қаржы қызметі жөніндегі атқарушы директоры:

– Осы технологияны енгізгелі бері әріптес банктеріміздің бізге деген сенімі артты. Несие беру кезінде жеке тұлғаға байланысты нақты ақпарат алу керек. Сондықтан бұл жаңашылдық банктер үшін өте тиімді. Сондай-ақ біздің бөлімшелерімізде 26 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, депозит ашуға, әуе және теміржол билеттерін сатып алуға мүмкіндік бар.

Бүгінде «Қазпошта» агенттік қызметті 800 бөлімшеде енгізген. Енді биыл 3 банкпен әріптестік байланыс орнату көзделіп отыр.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы