386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында шығарылатын цементке сұраныс едәуір артты

  • 500
  • UPD: 13:06, 14.05.2018

Ақмола облысында жыл басынан бері өнеркәсіп саласында 140 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артық. Атап айтсақ, аймақта биыл азық-түлік өнімдері, оның ішінде өсімдік майы, ет пен ұн өндірісі ілгерілепті. Өнім көлемі сондай-ақ машина жасау, тау-кен, химия саласы мен құрылыс индустриясында да көбейген. Әсіресе былтырлары тұралап қалған кірпіш зауыттарының тамырына қан жүгіріп, жұмысы жанданған. Бұл облыс көлемінде құрылыстың қарқын ала бастағанын білдіреді екен. Ал кен өңдеу кәсіпорындарындағы өсім 10 пайыздан асқан. Сонымен қатар аймақта жаңадан ашылған өндіріс ошақтары да қазір өнім көлемін біртіндеп арттырып келеді. 

Александр Загребин, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

- Былтыр күзде іске қосылған Біржан сал ауданындағы цемент зауыты биыл өнім көлемін едәуір көбейтті. Себебі оңтүстіктегі зауыттар тек экспортқа ғана жұмыс істеп, елімізде цемент жетіспеушілігі сезілді. Сондықтан біздің цементке үлкен сұраныс туды. Енді келесі айдан бастап, өндіріс ошағы қазіргі қуаттылығын екі есеге дейін арттырады. Бұл өңір экономикасына үлкен серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы