384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы форумда салық қызметін реттеу жөнінде декларация қабылданады

  • 533
  • UPD: 14:02, 14.05.2018

Кеден, салық және бизнес саласы халықаралық ынтымақтастық деңгейде дамуы тиіс.

Ол үшін салық саясатын бір жүйеге келтіріп, оған ортақ талаптар қойылу қажет. Осыған орай «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында «Салық қызметін реттеу жөніндегі Астана декларациясы» қабылданады.  Бұл туралы «Әріптестік: кеден, салық және бизнес» тақырыбында өткен xалықаралық форумда айтылды. Жиын Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық мемлекеттен 300-ге жуық делегат қатысып жатыр. Еліміздің премьер-министр орынбасары Ерболат Досавтың айтуынша, Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бастамасын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен байланыстыру арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге болады. Форумға Дүниежүзілік кеден ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қытайдың мемлекеттік салық  басқармасы, сондай-ақ осы саланың сарапшылары қатысуда. Үш күндік форум барысында  трансшекаралық сауда мен инвестициялар мәселесі, салық саласындағы заңнаманы реттеу сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Қазақстанда осы бағытта жұмыс жүргізіп келе жатырмыз. Оның мақсаты 2016 жылы 15 проценттен 2025 жылы 25 процентке салықты ішкі өнімге шаққан кезде осы көрсеткішке көтеру.  Бұл жұмыс көлеңкелі экономиканы төмендету арқылы жүргізілетін болады. Бүгінгі конференцияда әртүрлі инстурменнттер талқыланып жатыр. Жаңа технологиялар – бәрі алдымызға қойылған мақсатқа жетуге көмек береді деп ойлаймыз.

Эрнани Чекуччи, ДКҰ Институционалдық даму комитетінің директоры:

- Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше. Сондықтан сауда-экономикалық саясатқа қатысты мәселерден тыс қалмайды. Бұл жиынның Астана экономикалық форум қарсаңында өтіп отырғандығы оның маңыздылығын арттыра түсті. Кедендік әкімшілік пен салық қызметін кедергісіз дамыту бәрімізге ортақ мәселе. Бюджет түсімінің артуы барлық елге де үлкен пайда келтіреді.

Хабар 24 телеарнасы