389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан Қытайға ұсақталған рапс экспортталады

  • 479
  • UPD: 17:56, 14.05.2018

Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қытайдың Сиань қаласында болды.

Біздің делегация партиялық және үкіметтік ұйым басшыларымен кездесіп, іскер топ өкілдерімен инвестициялық жобаларды талқылады. Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасы Ни Йефэн ұсақталған рапсты экспорттау туралы фитосанитариялық хаттамаға қол қойды.

Ұлы Жібек жолы басталатын Сианьда тек қазақстандық өнімдерді саудалайтын дүкендер бар. Бірнеше жылдан бері қытай нарығына отандық өсімдік майы мен ұн өнімдерін Aiju компаниясы экспорттап келеді. Он миллион халқы бар тек Сиань шаһарында компанияның 200-ден астам сауда орны жұмыс істейді.

Жиа Жунчи, сатушы:

- Біздің кәсіпорын былтыр Сианьға 40 мың тоннадан астам өсімдік майын, 30 мың тоннадан астам бидай, ұн кіргізді. Біз қазақстандық астық пен майды терең өңдеп, «Қазақстанда жасалған» белгісімен саудалаймыз. Сианьдық тұтынушылар өнім сапасын жоғары бағалайды.

Ли Cянюй, Сиань қаласының тұрғыны:

- Қазақстаннан келген ұннан жасалған тұшпара түйгенде рахаттанасың, жұқа жайсаң да жарылып кетпейді, созылуы жақсы, әрі дәмді болатынын білдім. Қоспасыз, таза өнім.

Қазақстандық өнімдердің Қытай экспортына шығу мөлшері жылдан-жылға арта түседі. Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашлығы министрі Өмірзақ Шөкеев Сианьда бірқатар маңызды кездесу өткізіп, Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасы Ни Йефэн екеуі ұсақталған рапсты экспорттау жөніндегі хаттамаға қол қойды. Қытай тарапы Қазақстанның 5 облысы аусылдан ада таза аймақ мәртебесін алғанын атап өтіп, енді мал тасуға мүмкіндік туғанын атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылық министрі:

- Өте жақсы, нақты кездесулер болды. Оның ішінде біз қой етін экспорттау, балық, бал экспорттау, сосын рапс майлы дақылдарды экспорттау жөніндегі мәселелердің бәрін шештік. Ендігі мәселе сиыр етін, шошқа етін, жұмыртқа сияқты өнімдері экспорттау үшін жұмысты бастадық.

Былтыр Қытайға алғаш рет соя өнімдері мен асылтұқымды жылқы экспортталды. Жалпы 2017 жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашлығы өнімдерінің айналымы 32 пайызға артып, 345 миллион АҚШ долларын құрады.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы