384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚШҰ келісіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін

  • 340
  • UPD: 15:11, 15.05.2018
ҰҚШҰ келісіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін

Алдағы уақытта Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету келісіміне өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту жоспарланып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұсынған Заң жобасы енді Парламент Сенатының отырысында қаралады. Бүгін Жоғарғы Палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері аталған құжаттың қабылдануын бірауыздан қолдады. Айта кетейік, хаттаманы Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан елдері бекіткен. Осылайша 2004 жылғы 18 маусымдағы келісімнің бұрынғы редакциясында ұйымға мүше елдерден нақты бір құзырлы орган тағайындалып келген еді. Енді жауапты мекеменің өзгергендігі туралы ұйымның бас хатшысына ескерту міндеті қойылып отыр. Ал соңғысы ауыс-түйісті одақтас елдердің құзырлы органдарына хабарлауы тиіс.

Марат Өсіпов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының уәкілетті органдары нақтыланды. Осылайша келісімге жауапты негізгі тетік құралдары анықталды. Сондай-ақ ұжымдық шарт қызметіне халықаралық судьяларды да тарту мүмкіндігі пайда болды. Ал құпия ақпаратты заңсыз таратқан тұлғаларға қатысты заңгерлік құзырет енгізілді. Соған сәйкес келісім ережесін бұзған азаматтар өз елдерінің заңы аясында жауапқа тартылады. Жалпы хаттаманың бекітілуі ұйымға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Хабар 24 телеарнасы