378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 2000-нан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылмақ

  • 267
Қостанай облысында 2000-нан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылмақ

Қостанай облысында биыл 2 мың 300-ге жуық адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту көзделіп отыр.

Ал үздік бизнес идеяларға қолдау көрсетіледі. Осы ретте өңірде «Бастау» бағдарламасы бойынша білім алғандардың бизнес жобалары көрмесі өтті. Онда тек қызмет түрлері ғана емес шұбат, шұжық, бал өндіру, сүт, полимер қалдықтарын өңдеу сияқты ұсыныстар бар. Ұлттық кәсіпкерлік палатасы аймақта бизнесті дамыту үшін жеті бастама көтеріп отыр. Оның біреуі – жер телімдері және инженерлік-коммуникация жүйесі туралы ақпаратты онлайн арқылы барынша қолжетімді ету. Ал кәсіпкерлердің құқын қорғау ұйымның басты міндеті болып қала бермек. Соңғы бес жыл ішінде Ұлттық палатаға 22 мыңнан астам шағым түскен. Соның 40 пайызы оң шешімін тапты.

Жігер Азбергенов, «Атамекен» ҰКП президиум төрағасының ресми өкілі:

– «Атамекеннің» тағы бір мақсат-міндеті – нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау. Бұл бойынша осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам құжатқа сараптама берілген болатын. Айта кету керек, сараптамалар барысында кәсіпкерлердің және «Атамекеннің» ұсыныс-тілектері толықтай қабылданып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы