385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде венчурлік қаржыландыру жүйесі жетілдірілмек

  • 619
  • UPD: 11:40, 23.05.2018

Ол үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізу көзделіп отыр.

Бүгін бұл мәселе Мәжілісте қаралып жатыр.

Xалықаралық тәжірибеде жеке венчурлық инвестиция бизнесті дамытуға септігін тигізіп отыр. Мәселен, венчурлық институттар арқылы АҚШ-та 52 млрд доллар, Қытайда 15,5 млрд доллар инвестиция айналымда. Сондықтан венчурлік қаржыландыру заман талабы. Онсыз инновациялық теxнологияларды дамыту мүмкін емес. Бұл ретте Израиль мен Сингапурдың тәжірибесін айта кеткен жөн. Онда тың технологияларды енгізуде осы венчурлық қорлар үлкен рөл атқарды. Осылай деген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заңнаманы жетілдірсек, елдегі инновациялық жобаларға инвестиция тартуға кең жол ашылады деп отыр. Әрі тың теxнологияның тілін білетін мамандарға сұраныс арта түспек.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы