385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Инвестициялар және даму министрінің есебі басталды

  • 461
  • UPD: 18:19, 23.05.2018

Тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттыру, машина жасау саласын ынталандыру, инвестиция тарту, фармацевтика өнеркәсібін дамыту, Инвестициялар және даму министрлігі осы салаларға басты назар аударады.

Сонымен қатар 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту міндеті тұр. Бұл туралы ведомство басшысы Жеңіс Қасымбектің өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен биылғы мақсат-міндеттерді баяндаған ел алдындағы есебінде айтылды. Кездесуде тұрғындар сауалдарын онлайн режимде қоюға мүмкіндік алды.

Сырттан келетін қаржы көптеген маңызды ірі жобаның жүзеге асырылуына септесетіні белгілі. Биыл инвестиция тарту деңгейі қандай болады? Автожолдарға қатысты қандай жаңалықтар бар?

Жиын енді басталды. Алдын ала қолға түскен мәліметтердің біразымен бөлісейік. Елімізде өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда кен өндіру көлемі артқан. Мәселен, дайын металл бұйымдар өндірісі 6 пайызға, ал химия өнеркәсібі 7 пайызға, фармацевтика 41 пайызға көбейген. Тауарды экспортқа шығару мәселесі де өзектілігін жоймайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, алдағы 7 жылда шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту жоспарда тұр. Жыл сайын қаржылық және сервистік қолдауды шамамен 400 ге жуық экспорттаушы алады. 2017 жылы оларға 48 млрд теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетілді.

Инвестиция туралы айтар болсақ, өткен жылы 20 млрд АҚШ доллары тартылған. Ал биыл 6 жарым млрд долларға 300-ге жуық жоба іске асырылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұсынымдарына сәйкес, Қазақстанға визасыз келетін елдер саны артты. Қазір олардың саны 61-ге жетті.

Атожолдар бойынша бірер ақпар. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен екі жылда республикалық маңызы бар 2 мыңға жуық шақырым автожол салынды.

Олардың қатарында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Көкшетау – Петропавл, Ақтау – Шетпе жолдары бар. Осы жылы 22 жоба жалғасады. Балқаш – Бурылбайтал жобасын бастау көзделген. Жол-құрылыс жұмыстарымен 4 мың 200 республикалық маңызы бар автомобиль жолдары қамтылатын болады.

Министрдің баяндамасындасалаға қатысты сандар мен мәліметтер өте көп. Ол түсінікті де. Аты айтып тұрғандай, ведомство ел дамуын қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы