Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әуе билеттері 20 пайызға арзандауы мүмкін

  • 501
  • UPD: 22:47, 23.05.2018
Елімізде әуе билеттері 20 пайызға арзандауы мүмкін Фото: ХабИнфо

2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемі екі есе ұлғаяды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ұсынымдарына сәйкес Қазақстанға азаматтары визасыз келетін елдер саны артып, 61-ге жетті. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтылды. Сондай-ақ алдағы жылдары 14 кәсіпорынға цифрландыру элементтері енгізіле бастайды. Былтыр тұрғын үймен қамтамасыз ету рекордтық деңгейге жетіп, 101 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызға ие 2 мыңға жуық шақырым автожол салынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Жұртшылықты ұшу қауіпсіздігі мен әуе билетінің бағасы да алаңдады. Министрдің айтуынша, билет құны әуе керосинінің бағасына тікелей байланысты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Әуе билетінің 30 пайызы – авиакеросиннің бағасы. Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қайта жаңғыртудан өтіп жатқан кезде әуекеросинге тапшылық болған. Қазір оған қарағанда жағдай жақсы. Энергетка министрлігі ішкі сұранысты 58 пайыз қамтамасыз етеміз деп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 30-40 пайыз ғана болғанын айта кеткім келеді. Ал отынды шетелден алатын болсақ, ол билет құнына едәуір әсер етеді. Алдағы бір жарым жылда ішкі нарық толығымен өзімізде шығарылған әуекеросинмен қамтамасыз етіледі. Бұл әуебилетін 20 пайызға арзандатады деген болжам бар. Монополистерді болдырмау шараларын да қарастырып жатырмыз. Бүгінде бағыттарды әуе компаниялары әуежайлармен келісіп ашады.

Хабар 24 телеарнасы