386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экспорттық әлеуетті анықтау үшін бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу қажет

  • 455
  • UPD: 15:10, 28.05.2018
Экспорттық әлеуетті анықтау үшін бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу қажет

Қазақстанның экспорттық әлеуетін анықтау.

Ел Премьер-министрінің орынбасары, Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, қазір бұл – агроөнеркәсіп саласының алдындағы ең басты мақсат. Осы міндетті жүзеге асыру үшін заңға бірқатар өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Оған бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлу қажет. Бүгін Мәжіліс қабырғасында өткен Үкімет сағаты аясында министрлік өкілдері мен депутаттар бұл тақырып аясында қызу талқылау жүргізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда отандық азық-түлік өнімдерінің экспортын 2 жарым есе арттыру қажет. Мәселен, қазір ет өндірушілері оның көлемін 2 миллиард 600 миллион долларға дейін жеткізуге қауқарлы. Ал сүт, құс еті, жеміс пен көкөніс өнімдерінің әлеуеті 1 миллиард долларға жетуі мүмкін. Сондай- ақ басқосуда азық-түлік қауіпсіздігі және шаруаларға субсидия беру мәселесі жайында сөз қозғалды. Ауылшаруашылығы министрі шаруалар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажеттілігіне тоқталды. Бүгін ел өңірлерінің үздік кәсіпорындары өз тауарларын Парламент Мәжілісінде өткен арнайы көрме аясында таныстырды.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

– Жастар олар бұрынғы қалыптасқан жүйемен емес, субсидия керек емес, несие беріңдер деп жатыр. Ұзақ мерзімді. Мен бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Тиімсіз субсидия қысқарып, инвестиция салатын тартатын жағдай жасап, инвестициялық субсидия жағына бұрылуымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы