384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкер әйелдер «Төртінші өнеркәсіптік революция сұранысы» атты форумда бас қосады

  • 533
  • UPD: 09:00, 31.05.2018
Кәсіпкер әйелдер «Төртінші өнеркәсіптік революция сұранысы» атты форумда бас қосады

Елімізде бизнестегі әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды. Олар 31 мамыр күні Астанада өтетін «Төртінші өнеркәсіптік революция сұранысы» атты форумда бас қосады.

Екі күнге созылатын шараға 300 кәсіпкер қатысуға ниет білдірген. Шара барысында АҚШ, Түркия сияқты алпауыт елдерден келген мамандар өз тәжірибесімен бөліседі. Олар қазақстандық бизнесті дамытудың тың әдісі, төртінші өнеркәсіптік революция мүмкіндіктері, сандық экономика, IT саласындағы өзгерістер турасында ой-пікірлерімен бөліседі.

«Жаңа мүмкіндіктер форумының берері мол», - дейді ұйымдастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы