384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмендетті

  • 1128
  • UPD: 21:24, 04.06.2018
Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмендетті

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9%-ға төмендету туралы шешім қабылдады.

Бұл жайында бүгін Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Мұндай шешім 2020 жылға дейін елдегі инвляция деңгейі 4 пайыз болатын орта мерзімді бағдарламаға сай жасалып отыр. Айта кетелік, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жиі төмендетеді. Мысалы, 2016 жылдың басында ол 17 пайызды құраған. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі елдегі инфляцияның 6,2 пайыз болуына байланысты жасалып отыр. «Бұл қадам елдегі тұтынушылық несиенің артуына және несиенің пайыздық мөлшерлемесінің азаюына әсер етеді», – деді бас банкир.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Сәуір айында теңгемен берілген несиелердің пайыздық мөлшерлемесі 12,3%-ды құрады. Яғни Ұлттық банктің жыл сайынғы базалық мөлшерлемені төмендету саясаты қаржы секторына оң ықпал етіп отыр. Егер екінші деңгейлі банктер тарапынан берілетін несиенің пайызы төмендесе, ол әсіресе халыққа қолайлы болады.

Хабар 24 телеарнасы