386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізден жеткізілген бие сүтін Қытай қалаларында сатуға рұқсат берілді

  • 562
  • UPD: 18:41, 08.06.2018

Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысына отандық ұлттық және жеке компаниялардың топ-менеджерлері мен жергілікті іскер топтың 200-ден астам өкілі қатысты.

Соның ішінде Қытайдағы ірі мемлекеттік корпорациялардың басшылары да бар. «Самұрық-Қазына» қытайлық ірі инвестициялық компанияның бірі «WintaGroup»-пен өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті. Құжат қордың басқаруындағы арнайы экономикалық аймаққа инвестиция салу және дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастықты қарастырады. Бұдан бөлек «Қорғас – Шығыс қақпасында» көліктік-логистика, электронды сауда сияқты жобаларды дамытуға бағытталған құжаттар да бар. Бүгінде еліміз Қытайдың Орталық Азиядағы ең үлкен сауда серіктесіне айналып отыр. Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салудан Қытай 4-орында тұр.

Сапарбек Тұяқбаев, «Kazakh Invest» ҰК Басқарма Төрағасы:

- Мына Елбасының да тапсырмасы осындай тек басымдық жоғары технологиялық салаларға көңіл бөлінеді. Осы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы іссапардың аясында Қазақ инвест 15 жобаны пысықтап, келісімге қол жеткізілді.»

Қадырбек Мейрамбеков, кәсіпкер:

- Біз екі жылдан астам Қытайға биенің сүтін кіргізе алмадық. Елбасының арқасында осы қазіргі сапар кезінде екі елдің арасындағы тезис дейді, келісім-шартқа осы биенің сүтін кіргізіп, оны Қытай қалаларында сатуға рұқсат берілсін деген қағазға қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы