389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қытайлық компаниямен серіктестік туралы меморандумға қол қойды

  • 586
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қытайлық компаниямен серіктестік туралы меморандумға қол қойды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және «CITIC Construction Co., Ltd.» қытай компаниясы өзара тиімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

2018 жылдың 8 маусымында Пекин қаласында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ҚХР-ға іссапары кезінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «CITIC Construction Co., Ltd.» қытай компаниясы өзара тиімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат шегінде тараптар Қазақстаннан Қытайға ірі қара мал мен еттің экспортын ұйымдастыру туралы инвестициялық бағдарламаны өзара жасасу және жүзеге асыру жөнінде серіктестікті дамытуды жоспарлайды.

Аталған бағдарлама 2019 жылы 1 млрд. юань сомасына ет, жемдік астықпен және азық сату; 1,5 млн. га жер аумағында суару инфрақұрылымына инвестициялар салу; ҚХР-да қазақстандық ет брендін өзара жасау және жылжыту бағыттарын қамтиды.

Атап айту керек, аталған қазақстандық-қытайлық инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге ағымдағы жылдың 17 мамырында ХІ Астана экономикалық форум аясында Қазақстан ет одағы және CITIC Construction арасындағы ұқсас меморандумға қол қою арқылы қол жеткізілді.

CITIC Корпорациясы – Қытайдың ең ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі болып табылады. 1979 жылы негізі қаланған. Компанияның басты мақсаты – шетелдік капитал тарту, бизнес жүргізудің заманауи технологиялары мен үлгілерін қолдану. Қазіргі таңда CITIC Group құрамында 44 еншілес компаниясы бар.

CITIC Construction – корпорацияның құрылыс еншілес компаниясы. Сонымен қатар, ол Қазақстанның ауыл шаруашылық саласына инвестицияларды тартуға жауапты бөлімше болып табылады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі отандық агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Компанияның жалғыз акционері – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы