384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашаған жобасына тартылған қарызды өтеу мерзімі ұзартылды

  • 2001
  • UPD: 15:57, 11.06.2018

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытай Сауда-өнеркәсіп банкімен Қашаған жобасына тартылған қарыздың өтеу мерзімін ұзарту туралы келісті.

Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бастаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының делегациясы аталған қытайлық банктің директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен жүздесті. Екіжақты кездесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Аспан асты еліне мемлекеттік сапары аясында өтті. Кездесу барысында Ахметжан Есімов Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен банк тарапынан қорға 2015 жылы берілген займның сыйақы мөлшерлемесін төмендету және оны өтеу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзарту туралы келісті. Сонымен қатар тараптар «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытай Сауда-өнеркәсіптік банкі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйман Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі үш салада ынтымақтастыққа мүдделі екендігін жеткізді. Оның біріншісі – облигацияларды орналастыру, екіншісі – стратегиялық инвестор ретінде қор активтерін жекешелендіру бағдарламасына қатысу және үшінші басымдық – нақты жобаларды қаржыландыру.

Хабар 24 телеарнасы