389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы - Бішкек экономикалық дәлізін дамыту бойынша жиын өтті

  • 432
  • UPD: 18:38, 11.06.2018
Алматы - Бішкек экономикалық дәлізін дамыту бойынша жиын өтті

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізін дамыту бойынша бүгін Алматыда жиын өтті.

Қазақстан мен Қырғызстанның өкілдері осымен екінші рет бас қосып отыр. Қазіргі уақытта Азия даму банкінің жобадағы гранты – екі миллион доллар. Сарапшылардың айтуынша, бұл бастаманың жүзеге асуына екі ел де мүдделі. Қазіргі кезде логистикалық сараптама жасалған. Бұдан бөлек Ыстықкөл демалыс орнының инфраструктурасын дамытуды қамтитын ауылшаруашылығы мен туризм бойынша жұмыс тобы құрылған. Жиында шағын және орта бизнес өкілдерін тарту туралы ұсыныс айтылды.

Сафдар Парвез, АДБ Орталық және Батыс Азия департаменті басқарма басшысы:

– Алматы мен Бішкектің бақша өнімдері мен ауылшаруашылығы кешенін дамытуда әлеуеті зор. Осы мақсатта біз сауда байланысын дамыту жоспарын қарастырып жатырмыз. Ауылшаруашылық жобалары бойынша инвестиция көлемі қарастырылуда.

Бибігүл Масербаева, ҚР ҰЭМ департаментінің басқарма басшысы:

– Екі ел арасындағы сауданы дамыту туралы жобалар қарастырылып жатыр. Жоба аясында өзге елдерге экспортталатын өнім шығару жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы