365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында құны 146 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

  • 201
Қостанай облысында құны 146 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

«Kazakh Invest» және Қостанай облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Өңірге тартылатын инвестицияның 80 пайызы шет елдерден келеді. 15 жоба ауыл шаруашылығына бағытталған. Атап айтатын ірі жобаның бірі – Kazmeal. Құны – 81 миллиард теңге. Осы жоба аясында аймақта 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Яғни ұн, және ұн өнімдері мен өсімдік майы Қостанай өңірінде жасалады. Алдағы уақытта «Kazakh Invest» мамандары Қостанайға барып, жергілікті кәсіпкерлердің жобаларымен танысып, оларға қажетті инвестор тартуды жалғастырады. Сонымен қатар автомобиль құрастыру мен бөлшектерін жасау саласы да жолға қойылған. Бұл бағытта өңірге 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Ірі жобалардың бірі – машина жасау саласы. Оған «Kazakh Invest» компаниясы көмек беріп жатыр. Қазір арнайы Қостанай қаласында индустриалды аймақтың құрылысы аяқталып қалды. Аумағы – 400 гектар. Соның 60 гектары машина жасау саласына бағытталатын болады. Автомобильдердің саны жыл сайын өседі. Мысалы, біз өткен жылы 6 мың автомашина шығарсақ, осы жылы 12 мың автомашина шығарамыз деген жоспар қойып отырмыз.

Осы категория бойынша: « «Астана» қаржы орталығының мүмкіндіктері барынша арттырылмақ Сарапшы: Қазақстан басшысы экономиканың жалпы цифрландырылуына үнемі көңіл бөледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы