365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Қазақстан басшысы экономиканың жалпы цифрландырылуына үнемі көңіл бөледі

  • 207
  • UPD: 10:54, 14.06.2018

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының саммитінде бірлескен заманауи өндірісті дамытып, электронды сауданы кеңейту үшін ортақ платформа құру қажеттігін ұсынды.

Және цифрландыру және жаңа технологиялар саласында тәжірибе алмасатын алаң қалыптастыру идеясын ортаға салды. «Бұл Еуразия құрлығының 60 пайызын алатын ұйым өзінің алып нарығын тиімді пайдалануы керек дейді», – сарапшы Сунь Ли.

Сунь Ли, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институты директорының орынбасары:

– Қазақстан басшысы үнемі экономиканың жалпы цифрландырылуына көңіл бөліп келеді. Жыл басындағы өзінің халыққа Жолдауында да осы саланы ерекше атап өткен болатын. Өйткені қазір әлемнің дамыған елдері экономикасын цифрлы жүйеге көшіруге тырысып жатыр. Оның үстіне Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жасаған мемлекеттік сапарында Төраға Си екеуі маңызды құжаттарға қол қойды. Соның ішінде екі ел арасындағы электронды сауда әріптестігін арттыру да қарастырылған.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында құны 146 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ Сарапшы: Қазақстан Президентінің ұлттық валютаны қолдану жөніндегі ұсынысы дер кезінде көтерілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы