370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз электронды сауда нарығын пайдаланудан ТМД елдері бойынша үштікке енді

  • 318
  • UPD: 23:44, 14.06.2018
Еліміз электронды сауда нарығын пайдаланудан ТМД елдері бойынша үштікке енді

Қазақстанның электронды сауда нарығы отандық интернет дүкендерден тауар сатып алу мен электронды қызмет алаңын пайдалану бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікке енді.

2017 жылы сауда көлемі 1 миллиард доллар болған. Ал, жыл басынан бері сауда нарығы отыз пайызға артыпты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен электронды сауда мәселелеріне арналған форумда айтылды. Сарапшылардың айтуынша, жыл басынан бері бұл сала қарқынды өсіп келеді. Басты үлес интернет саудаға белсенді араласатын шағын және орта бизнеске тиесілі. Сарапшылар сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлердің қолма-қол төлемсіз сауда алаңдары дамып отырған Орталық Азияның сыртқы нарығына шыққанына баса назар аударды.

Берікбол Мәндібаев, инвестоларға қызмет көрсету орталығының жетекшісі:

- Қазақстандық электронды коммерциямен айналысатын кәсіпкерлер үшін ең бірінші мәселе – ол өздерінің осы электронды саладағы коммерциядағы әлемдік алпауыттармен бәсекеге түсу мәселесі. Өйткені бәріміз білеміз әлемдік компаниялардың жалпы қарқыны өте жоғары. Олар өте арзан бағамен және тез арада қызмет көрсете алады. Осы жерде біздің компаниялар өздерінің осы бәсекелестерімен максималды түрде өздерінің қызметтерін тауарларын ұсыну үстінде.

Осы категория бойынша: « «Атамекен» ҰКП бес жылда 111 млрд теңгеден астам қаржының меншіктік құқығын қорғады Парламент 2017 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті бекітті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы