365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парламент 2017 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есепті бекітті

  • 246
  • UPD: 15:36, 15.06.2018

Парламент Үкімет пен Есеп комитетінің «2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы» есебін бекітті.

Дегенмен депутаттар мемлекет қаржысының дұрыс игерілуіне қатысты сын айтты. Халық қалаулылары айтылған пікірлердің биылғы жылдың бюджетін іске асыру кезінде қаперге алынатынына сенім білдірді. Жалпы алғанда депутаттар Үкіметтің бюджетті жоспарлаудағы кемшілігіне шүйлікті. «Әсіресе, бюджеттің атқарылуын оң көрсету мақсатында жылдың соңында бюджетті нақтылау, орын алған проблеманы шешудің жолы емес», – дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы. Осы орайда Үкімет басшысы қазына қаржысының дұрыс игерілмеу себебін атап өтті. Оның айтуынша, бюджеттік саладағы бұзушылықтардың 80 пайыздан астамы техникалық сипатқа ие. Әсіресе, есепшілердің техникалық қателіктері. Олқылықтың орнын толтыру жайы да ойластырылып қойған. Алдағы уақытта мемлекеттік аудит туралы қабылданған заң аясында бухгалтерлердің біліктілігін арттыру, аудиторларды сертификаттау жұмыстары қолға алынбақ.

Осы категория бойынша: « Еліміз электронды сауда нарығын пайдаланудан ТМД елдері бойынша үштікке енді Елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы