374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Польша елінің инвестиция және сауда агенттігінің бөлімшесі ашылады

  • 166
Астанада Польша елінің инвестиция және сауда агенттігінің бөлімшесі ашылады

Астанада ашылатын Польша елінің инвестиция және сауда агенттігінің бөлімшесі екі ел арасындағы тауар айналымы мен инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асуын қадағалайды.

Тараптар экономикалық форумда бас қосып, алдағы уақытқа жоспар құрды. Ағымдағы жылы Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 310 млн АҚШ долларын құрады. Осылайша бұл бағыт өткен жылмен салыстырғанда, 2 жарым есеге артып отыр. Ал 2005 жылдан бастап елімізге құйылған инвестиция көлемі 200 млн АҚШ долларынан асып жығылады. Қазақстан тарапы осы аралықта Польшаға 25 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Жалпы қазір ортақ негізде құрылған 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Ерлан Хаиров, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы:

– Польша тарапы мен Павлодар облысының инвестицияларды тарту агенттігі арасында әріптестік қарым-қатынас орнатуға байланысты келісімшарт жасалмақ. Осылайша елдер арасындағы тауар айналымы артып қана қоймай, жаңа ортақ жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік туады. Бұл жайт екі елдің де экономикасына оңтайлы әсер етеді.

Тадеуш Косцинский, Польшаның кәсіпкерлік және технология министрінің орынбасары:

– Менің ойымша қос мемлекет арасындағы тауар айналымының көрсеткіші жақсы дамып келе жатыр. Бұл бағыт жыл сайын 70 пайызға артуда. Қазақстаннан Польшаға көбіне мұнай мен сұйық газ экспортталады. Ал біздің елден көлік, азық-түлік тауарлары жеткізіледі.

Осы категория бойынша: « Қаржы министрі есеп береді Швейцарияда өткен конференцияда «Астана» ХҚО-ның жоспарлары таныстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы