365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 12 бөліктен тұратын қалашық салынады

  • 269
  • UPD: 16:19, 21.06.2018

Шымкенттің енді облыстан дербес әрі өзіндік бюджеті болады.

Республикалық маңызы бар қаланың даму көрсеткіші де қарқын алады.

Жандос Жұмабеков, тілші:

– Шымкент қаласының бюджеті алдағы жылы 183 млрд-қа жетеді деп жоспарлануда. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар шаһар болғандықтан, мұнда көптеген жоба жүзеге асырылады. Шымкент сити тұрғын үй алабы, ескі қала аумағында «Қошқар ата» жобасы қолға алынды. Жаңа жолдар, мектеп, балабақша мен ауруханалар салынады. Мұның барлығы жаңа шаһардың болашақ бюджетінің есебінен салынады.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болғандықтан, оған қаржы салатын инвесторлар да көп болады. Тек бір ғана шетелдік компания бастапқы кезеңде 160 млрд теңге қаржы салуды көздеп отыр. Алдымен 12 бөліктен тұратын қалашық салынады. Ол 5500 пәтерден тұратын ақылды қала болады. «Жалпы қаланың құрылыс алаңы екі есеге ұлғаятын болады», – дейді мамандар. Бұл баспаналардың барлығы 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осы категория бойынша: « Еліміз әйелдер кәсіпкерлігі дамуы жөнінен әлемде үздік бестікке енді Түркістанға түркі әлемінің инвестициясы тартылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы