369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентке шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артты

  • 209
  • UPD: 22:40, 21.06.2018

Шымкент республикалық маңыздағы қала болғандықтан 27 бюджеттік бағдарлама әзірленеді деп жоспарлануда.

Бұл дегеніңіз, шаһардағы маңызды мәселелер енді дер кезінде шешіледі деген сөз. Мәселен, денсаулық сақтау саласындағы нысандарға қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлініп келсе, енді тікелей қалалық қазынадан қаржыландырылатын болды. Сонымен қатар шетелдік инвесторлар тарапынан да қызығушылық жоғары. 

Шымкент шаһары облыстан бөлініп, республикалық маңызға ие болғандықтан қалалық әкімдікке қарасты 15 бөлім басқарма болып қайта құрылды. Тағы жаңадан 8 басқарма ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңадан халықаралық ойындар және спорт түрлерін өткізге арналған спорт кешендерінің жобасы, киноконцерт залының ғимараты және саябақ, бірнеше ойын-сауық орталықтарын салу көзделуде. Бұның барлығына шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. 

Дәулетқожа Мамыров, «KazakhInvest» ұлттық компаниясының аймақтық директоры:

- Бізге келген көптеген инвесторлар басқа аймақтарды аралай келе біздің қаланы таңдайды. Оған бірден бір себеп қасымыздағы 33 миллиондық өзбек нарығы. Бұл инвесторлар үшін үлкен мүмкіндік. 

Қала тікелей орталыққа бағынатындықтан әкімшілік-аумақтық басқару тиімділігі артады. Бұл қала экономикасын жедел әртараптандыруға, халықтың табыс көзін ұлғайтуға және бәсекеге қабілетті ірі мегаполиске айналуына ықпал етеді. Бұған дейін денсаулық сақтау саласына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп келсе, енді тікелей қалалық қазынадан қаржыландырылатын болады. Әрі қаладағы алпауыт шетелдік компаниялардың жұмысын да жанданады. Қазірдің өзінде Шымкентте көптеген шетелдік компаниялар жұмыс істеп жатыр. 

Дәулетқожа Мамыров, «KazakhInvest» ұлттық компаниясының аймақтық директоры:

- Кореялық Лотта компаниясы, Шымкент цемент алманиялық компаниясы жұмыс жасайды. Қытайлық СNPC компаниясы мұнай өнімдерін өндірумен айналысады. Сол сияқты көптеген шетелдік инвесторлар бізде жұмыс істеп жатыр.

Тек бір ғана шетелдік компанияның өзі бастапқы кезеңде қалаға 160 млрд теңге қаржы салуды көздеп отыр. Оған 12 бөліктен тұратын қалашық салынады. Осылайша 5500 пәтерден тұратын ақылды қала пайда болмақ. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Нұрмақан Мұсатов, Нұрмақан Бекмұратов

Осы категория бойынша: « Түркістанға түркі әлемінің инвестициясы тартылады Еліміздің 30 мыңға жуық тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеретін болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы