365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО-ның ашылуына санаулы күндер қалды

  • 172
  • UPD: 14:49, 25.06.2018
АХҚО-ның ашылуына санаулы күндер қалды

Астана Халықаралық қаржы орталығының ресми түрде ашылуына санаулы күндер қалды.

Осыған байланысты жергілікті Биржа қазақстандық және халықаралық брокерлік компаниялармен сауда операцияларын жүргізуге толық дайын. Осылайша, орталық заңнамасын әзірлеу кезінде «АйОсКо» Құнды қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиясы, «БиСиБиЭс» Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті және "АйЭфЭсБи" Исламдық қаржылық қызмет көрсету кеңесі сынды танымал ұйымдармен ортақ стандарттар бекітіліп, жалпыға бірдей қағидаттар басшылыққа алынады. Осы ережелер капитал нарығының тиімділігі мен тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жүйелі тәуекел санын азайтады. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов хабарлады. Еске салайық, орталықтың ресми түрде ашылу салтанаты 5-ші шілдеде өтеді.

Қайрат Келімбетов, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Біздің негізгі бюджет салада сіз білесіз осы жылға 20-ға жуық млрд теңге жоспарланған. Жалпы қазіргі уақытына дейін 10 млрдтан астам іске қаржыландырылды. Ол негізі біздің қор биржасын капиталдандыру және басқа да ішіндегі институттарды капиталдандыру. Менің ойымша, осы қаржы орталықты дамыту үшін 3 жылдың ішінде сондай қаражат керек, сосын осы біздің қаржы орталық негізгі инвестицияларды тарту арқылы одан ары жұмысты жалғастырады.

Осы категория бойынша: « Павлодардағы өзен портының логистикалық мүмкіндіктері артты Қайрат Келімбетов «Астана» ХҚО-ға қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы