374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХВҚ: Қазақстанда кәсіпкерлік саласы екі жылда жаңа деңгейге шығады

  • 157
  • UPD: 15:55, 27.06.2018

Қазақстан экономикасында өсім байқалады. Көрсеткіш шетелдік сарапшылардың өзін таңғалдырып отыр.

Халықаралық валюта қорының өкілі Марк Хортонның айтуынша, қор мамандары Қазақстанның экономикалық өсімі 4 пайыздан төмен болатынын болжаған. Дегенмен, экономистер көрсеткіш шамамен 4,4 жарым пайызға жетеді деген пікірде. Марк Хартон алдағы уақытта көрсеткіштердің өзгеруі мүмкін екенін айтады. Өйткені, экономикалық өсімнің жоғарылауына бірнеше фактор әсер етеді.

Марк Хортон, ХВҚ Орталық Азия, Таяу Шығыс елдері департаменті директорының орынбасары:

– Қазақстанның мемлекеттік органдарының келтірген мәліметіне сүйенсек, біздің болжам қате болуы да мүмкін. Өйткені экономикалық өсімге әсер ететін бірнеше фактор бар. Мәселен, реформалардың сәтті жүзеге асырылуына тікелей байланысты. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктерді сауықтыру жұмыстары қалай жүргізілсе, экономикалық өсім де сол деңгейде болмақ.

Экономикалық көрсеткіштердің өсуіне, салық реформасы да оң әсер етпек. Осы орайда Марк Хортон жалақысы төмен азаматтардың кіріс салығын төмендету шарасына оң баға берді. Бұдан бөлек, экономиканы көтерудің бірден бір жолы бизнесті көтеру қажет екенін атап өтті. Сарапшы еліміздегі кәсіпкерлік саласы екі жылда жаңа деңгейге шығатынын тілге тиек етті.

Осы категория бойынша: « Жапонияның ірі компанияларымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды ХВҚ: Қазақстан экономикасында өсім бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы