365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» ХҚО Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ қаржы нарығын құрмақ

  • 174
  • UPD: 22:02, 28.06.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ қаржы нарығын құрмақ.

Ол үшін еліміз Еуразиялық экономикалық комиссиямен тығыз қарым-қатынас орнатпақ ниетте. Осы орайда екі тараптың өкілдері, экономистері мен кәсіпкерлері аймаққа тартылатын инвестициялар мен жаңа жобалар жайлы талқылады.

Еуразиялық бес мемлекеттің мақсаты бір – 2025 жылға қарай қаржы нарығын реттеу саласындағы заңнаманы үйлестіру. Сарапшылардың айтуынша, бұл үдерісті әлемдік қаржы революциясы аясында жасау керек. Астанадағы қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ үшін пилоттық алаң болмақ. Онда тұрақтандырудың жаңа тәсілдері мен құралдары сынақтан өткізіледі.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

– Негізгі мақсат – тек қана Қазақстанға емес, ЕАЭО-ның басқа елдеріне көмектесу, инвестиция тарту. Біз Еуразия экономилық комиссиямен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Қазір жаңадан қаржы технологияларды дамыту бойынша арнайы жұмыстар жасап жатырмыз.

Ресей ғылым академиясы экономика институты сарапшыларының пікірінше, ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген халықаралық қаржы орталығын құру Еуразияның дамуындағы жаңа кезеңді ашады. Қаржы ресурстарын жұмылдыру арқылы аймақтың экономикасын жаңғыртуға ықпал етуге болады.

Руслан Гринберг, РҒА экономика институтының ғылыми жетекшісі:

– Қазақстан әлемдік және халықаралық деңгейдегі қаржы орталығын құру арқылы дұрыс жолда келе жатыр. Және әрбір қадамын нық, асықпай басып келеді. Бұл орайда Ресей Қазақстаннан үлгі алмақ.

Ресейлік экономистер «Астана» Халықаралық қаржы орталығын капитал нарығына жаңа мүмкіндіктер тудыратын стратегиялық маңызды құрал ретінде қарастырып отыр

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

 

Осы категория бойынша: « Қырғызстан экономистері Н.Назарбаевтың әлемдік валюталар қоржынын әртараптандыру туралы ұсынысын қолдап отыр Алматыда Қазақстан қор биржасы жеке инвесторларға арналған оқу бағдарламасын бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы