Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АХҚО-ға 55 компания тіркелді

  • 192
  • UPD: 19:13, 02.07.2018
АХҚО-ға 55 компания тіркелді

Астана халықаралық қаржы орталығына бүгінге дейін 55 компания тіркеліп үлгірді.

Ал жыл соңына дейін олардың санын 100-ге жеткізу жөнінде жоспар бар. Бұл туралы Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, дайындық жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр. Тіркелген компаниялардың ішінде АҚШ, Қытай мен Ұлыбритания өкілдері, сондай-ақ, Қытайдың үкіметтік даму банкі бар. Қаржылық теxнологиялар бойынша тіркеуге тұрған компаниялар да аз емес. Олар Ресей, Тайланд, Нигерия, Африка мемлекеттері мен Швейцария өкілдері. Аталған компаниялар жаңа төлем құралдары, банкинг және тағы басқа қызметтер бойынша жұмыс істеуге даяр. Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты 5 шілдеде өтеді.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Астанада халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеяны елбасы 2015 жылы айтқан болатын. Міне содан бергі қысқа уақыт аралығында біз біраз жұмыс атқардық. Тіпті, кейбір жоспарларымыз уақытынан бұрын орындалып жатыр. Айта кету керек, әлемдік қаржы ұйымдары тарапынан біздің орталыққа қызығушылық бар. Соны пайдаланып, 2020 жылға дейін 500-ден аса компанияны тіркеуді көздеп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Мэрлер форумында Жібек жолы елдерін цифрландыру саясаты талқыланды Астанада Қазақстан-Қытай бизнес форумы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы