369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынады

  • 176
  • UPD: 13:13, 03.07.2018
Оралда құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынады

Батыс Қазақстан мен Татарстан кәсіпкерлері бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.

Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп саласында, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуде күш біріктіруге қос тарап та мүдделі. Тиісті келісімге батысқазақстандық іскер топ өкілдерінің Қазанға сапары барысында қол жетті. Келешекте Оралда көліктердің көне дөңгелектерін қайта өңдеп, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынбақ. Қазақстан мен Татарстанның арасындағы сауда айналымы жылына 700 миллион АҚШ доллары болса, соның 100 миллионы Орал өңіріне тиесілі. Алайда бұрын импорттың үлесі басым боп келгені жасырын емес. Енді отандық кәсіпкерлер осы олқылықтың орнын толтырмақ ниетте.

Миржан Сатқанов, облыс әкімінің орынбасары:

– Ауыл шаруашылығы саласынан ұсыныс білдірдік. Алдағы уақытта жемісін көреміз деген ойдамын. Біздің негізгі мақсатымыз – екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту, Жылдық сауда айналымы 100 млн АҚШ доллары болса, соны 150 млн-ға көтеру керек.

Осы категория бойынша: « Әлемнің үздік инвесторлары бас қосқан форумда елімізге қолайлы жобалар таныстырылды Астанаға 20 жылдың ішінде 47 млрд доллардан аса инвестиция тартылған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы