365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Татарстанға тамақ пен жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортталады

  • 186
  • UPD: 23:01, 03.07.2018
Татарстанға тамақ пен жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортталады

Татарстанға тек шикізат ғана емес, енді тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін де экспорттауға мүмкіндік ашылады.

Осыған қатысты тетіктер Астанадағы бизнес форумда талқыланды. Қазан қаласынан келген ондаған компания өкілі жергілікті әріптестерімен ортақ мәселелерді талқылады. Негізгі мақсат – екі ел арасындағы экспорттық әлеуетті арттытып, экономиканың түрлі саласын дамытуға үлес қосу. Осыған орай Қазақстанның сыртқы сауда палатасы биыл Қазан қаласына сауда миссиясын ұйымдастырмақ. Ал алдағы жылы Татарстанда Қазақстанның сауда өкілеттігін ашу жоспарланып отыр.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Сауда айналымы 700 млн АҚШ долларынан астам. Оның 600 миллионы Татарстаннан Қазақстанға келетін өнімдер. Ал Қазақстанның экспорты 100 млн құрайды. Ол өнімдердің көпшілігі шикізат. Бірақ Қазақстанның бұл сауданы арттыруға жоспарлары бар.

Осы категория бойынша: « Global Silk Road: құны 25 млрд теңгелік келісімдерге қол қойылды Сарапшы: Астананың халықаралық қаржы орталығына айналу мүмкіндігі бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы