365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Астананың халықаралық қаржы орталығына айналу мүмкіндігі бар

  • 215
  • UPD: 00:21, 04.07.2018
Сарапшы: Астананың халықаралық қаржы орталығына айналу мүмкіндігі бар

Астананың халықаралық қаржы орталығына айналуына толық мүмкіндігі бар.

Ол үшін негізгі деген бірер талапты ескеру қажет дейді Шанхай даму қорының бас хатшысы Цяо Иде. Оның айтуынша, ең алдымен экономикалық тұрғыда қолдау жасалып, қаржы институттарын шоғырландыру керек. Сонымен қатар орталықта коммерциялық банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялардың болғаны маңызды. Тағы бір ерекше ескерер жайт арнайы биржа құрылып, капиталдың еркін айналымына жағдай жасалу керек. Мұның барлығы Шанхай тәжірибесіне сүйеніп алынып отыр және оны Астана өз қажетіне тиімді қолданады деп сенім білдірді мәртебелі мейман.

Цяо Иде, Шанхай даму қорының бас хатшысы:

- Астананың Орталық Азиядағы ірі қаржы орталығына айналуына барлық мүмкіндігі бар. Менің ойымша болашақта Астана мен Шанхай арасында берік ынтымақтастық орнап, Азия экономикасын дамытуға бірге атсалысады.

Осы категория бойынша: « Татарстанға тамақ пен жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортталады «Астана» ХҚО жаңа буынның талабына сай құрылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы