374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШЫҰ елдерінің аудиторлары Бішкекте бас қосты

  • 167
  • UPD: 18:50, 05.07.2018

Мемлекет қаржысын қалай есептеу керек? Ал бюджет қаражатын қалайша тиімді игеруге болады? Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аудиторлары Бішкекте бас қосып, осы және өзге де мәселелерді талқылады.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл – Қырғызстанның аталмыш ұйымға төрағалық ету барысындағы ұйымдастырып отырған алғашқы шарасы.

Басқосуға 7 елдің есеп палатасында істейтін тәжірибелі есепшілер мен экономистер келген. Барлығы – өз елдерінің мемлекеттік бюджетін сақтап жүрген мамандар. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің аудиторлары екі жылда бір рет бас қосып, қаржы саласындағы келелі мәселелерді талқылайды.

Ұлықбек Марипов, ҚР есеп палатасының төрағасы:

– Осындай кездесулердің маңызы зор. Мысалы, өткен жылы біз Қазақстанмен бірге Денсаулық сақтау министрлігіне, гемодиализ бен кардиологияға аудит жүргіздік. Қытаймен де бірігіп, аудит өткіземіз. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына қажет шара екені даусыз.

Қазақстан Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Ұйым аясында интеграциялық процестерді күшейту жөнінде үлкен жұмыстар атқарылатып жатқанын атап өтті. «Аудиттің жоғарғы органдары осы үрдіске өз үлесін қосуға міндетті», – дейді.

Наталья Годунова, ҚР Есеп комитетінің төрайымы:

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қазақстан жобаларды қаржыландыруға және технологиялық ресурстарды жұмылдыруға бағытталған бірлескен механизмдерді құруды қолдайды. Сонымен қатар ол сауда-инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда екіжақты деңгейден көпжақты деңгейге көшуді қамтамасыз етіп, инфрақұрылымдық мега жобаларды іске асыруды көздейді.

Форумға қатысушылар «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы туралы жаңалықты қуана қарсы алды. Ол Қазақстан экономикасын әртараптандырып қана қоймай, ұйым қатарындағы барлық елдердің қаржы жүйелерін реттеп, өзара іс-қимылын жақсартады.

Авторы: Бакыт Чермашев

Осы категория бойынша: « Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» қаржы орталығы туралы Сарапшы: Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құруда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы