365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе өңірінде дәстүрлі емес кәсіп түрлері дамып келеді

  • 366
Ақтөбе өңірінде дәстүрлі емес кәсіп түрлері дамып келеді

Ақтөбелік кәсіпкер осыдан 3 жыл бұрын 1 гектар жерге таңқурай егіп, тәжірибе жасап көреді.

Еңбегі еш кетпей, сол жылы біраз өнім алады. Келесі жылы алқапты 10 есеге ұлғайтып, табысын молайта түсті. Енді биыл 25 гектар жерге таңқурай егіп, одан тосап жасай бастады. Айтуынша, кәсіптің көзін тапса, шаруаны дөңгелетіп әкетуге болады. Болашақта алқапты 130 гектарға жеткізіп, тосап жасайтын цехты кеңейткісі келеді. Ол үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды ойлап жүр. «Таңқурайдың бір түбі 6 келіге дейін өнім береді. Қазір тәулігіне 400 келісін жинап жатырмыз», – дейді кәсіпкер. Өңір үшін таңсық өнімге сұраныс жоғары. Болашақта көршілес Ресейге экспорттау жоспары бар. Жалпы Ақтөбеде дәстүрлі емес бизнес түрлері жақсы дамып келеді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы біраз көмек болған. Былтыр осы бағдарлама аясында 323 жоба қолдау тапқан

Данат Шураханов, қожалық жетекшісі:

– Күзде түбінен кесіп тастаймыз. Көктемде қайта өсіп шығады. Биыл шамамен 60-70 тонна өнім аламыз. Ауысқанын Астанаға жібереміз деп жоспарлап отырмыз. Былтыр Орал, Атырау мен Қызылордада өткен жәрмеңкелерге қатыстық. Тіпті көршілес Орынбор облысына барып, өз өнімімізді таныстырып қайттық.

Осы категория бойынша: « Сарапшы: Қазақстан халықаралық қаржы институттарын тартуға арналған негіз құруда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтауды ұйғарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы