374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде экономика өсімі бәсеңдеді

  • 290
  • UPD: 19:45, 10.07.2018

Өткен айда ел экономикасы өсімінің төмендегені байқалды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Оған тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіп өндірісінің азайғаны себеп. Атап айтқанда, 8 өңірдің көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен. Ал Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бірінші жарты жылдықты қорытындылап, жалпы ішкі өнім 4,1% пайызға өскенін атап өтті. Бұған инфляцияның бәсеңдеп, инвестициялық белсенділіктің арқасында қол жеткен. Министрдің айтуынша, өнеркәсіп саласы да өсім көрсетіп тұр. Бірақ Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстары бұл бағыт бойынша артта қалып қойған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Өнеркәсіп өндірісі 5,2% артып, өсу қарқындары сақталуда. Тау-кен өндіру өнеркәсібі 5,5% өсті. Өсу негізінен Қашағанда (27,5%) мұнай өндірудің айтарлықтай асыра орындалуына байланысты. Жоспарланған 4,9 млн тоннаның орнына 6,2 млн тонна өндірілді. Жалпы бірінші жартыжылдықтың тұрақты және сапалы болғанын ескере отырып, жалпы ішкі өнімнің 4-ке өсу әлеуеті бар екендігін атап өткім келеді.

Осы категория бойынша: « Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтауды ұйғарды Швейцария мен Қазақстан арасында бірлескен мәлімдеме жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы