370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25 млрд теңгеден асты

  • 181
СҚО мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25 млрд теңгеден асты

Қазақстан мен Ресей аймақтарының өзара ынтымақтастығы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың көкжиегін арттырды.

Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 25 миллиард теңгеден асып жығылған. Осылайша уақыт өткен сайын екі елдің барыс-келісі, алыс-берісі дамып келеді. Бұл жолы Омбы облысының қалталы азаматтары петропавлдық кәсіпкерлермен кездесіп, ауылшаруашылығы, химиялық өңдеу, денсаулық сақтау сынды бірнеше салада ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаласты. Жалпы бүгінгі күні солтүстікте Ресейлік капиталдың қатысуымен 200-ге тарта ірілі-ұсақты кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр.

Владимир Тиховской, кәсіпкер /Омбы, РФ/:

- Біздің компания қазір көктайғаққа қарсы жаңа инертті материалдарды шығара бастады. Ең бастысы экологияға кері әсерін тигізбейді. Тың технологиямен дайындалады. Енді оны Қазақстан нарығына шығармақ ойымыз бар. Бұл бағытта әкімдікпен көліссөздер жүргізіп жатырмыз. Болашақта ортақ шешімге келіп, серіктес атанамыз деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Елімізде сұйытылған газ өндіретін зауыт салынуы мүмкін Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы