374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді

  • 255
  • UPD: 15:27, 14.07.2018
Бақытжан Сағынтаев шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын несие беру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.  

Кеңес барысында елдегі шағын несие беру нарығының алдағы дамуы, жеңілдікпен шағын несие берудің инфрақұрылымын құру, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын несие беруге жағдай жасау мәселелері талқыланып, осы жылдың алты айы ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қол жеткізілген нәтижелер талқыланды. 
Кеңесте ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев баяндама жасады. 

Еске сала кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, шағын бизнесті ашуға, шағын кәсіпорындарды және зәкірлі кооперацияларды құруға, сондай-ақ, әрекеттегі бизнесті дамыту үшін сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыз көлемінде 7 жылға дейін несие беріледі. 

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 22 мың шағын бизнес өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық қолдау тауып, бюджетке түсетін салықтық аударымдар көлемі артады, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Осы категория бойынша: « СҚО мен Ресей арасындағы тауар айналымы 25 млрд теңгеден асты Қор биржасында сауда қыза түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы