367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысына жарты жылда 256 млрд теңге инвестиция тартылды

  • 212
  • UPD: 20:08, 20.07.2018
Маңғыстау облысына жарты жылда 256 млрд теңге инвестиция тартылды

Маңғыстау облысы елге құйылған инвестиция көлемі бойынша үздіктер қатарында.

Шетелдік инвесторлармен үздіксіз жүргізілген келіссөздер арқасында жарты жылда аймақ экономикасына 256 миллиард теңге құйылған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 6 пайызға жоғары. Өңірде ірі төрт зауыттың құрылысы басталды. Биыл тағы Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Испания сияқты әлемнің әлеуетті оннан астам елінің инвесторлары өңдеу, көлік логистикасы, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларына қаржы құюға дайын. Жыл соңына дейін 267 миллиард теңгенің ірі 4 жобасы жүзеге асырылады. Осылайша тағы 1200 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту көзделіп отыр. Мәселен Қытай инвесторлары Құрықта су тұшыту зауытын салса,  ағылшынның қалталы азаматтары Ақтауда тұтас экоқалашық тұрғызбақ.

Руслан Сәкеев, облыс әкімінің орынбасары

- Жеке тұрғын үйлер, демалатын орындар және де сауда-саттық орындары қарастырылатын үлкен бір шағынаудан. Ол жердің көлемі 100 мың халыққа арналған. Бұл жердегі ерекшелік ЭКСПО-ның аясында өткен жаңа технологияларды, энергия көздерін үнемдеу, су тұщытудың жаңа түрлерін пайдалану, үйлерді жылытудың жаңа технологиясын пайдалану жобалары қарастырылмақ.

Осы категория бойынша: « Елордалық 18 компания банкротқа ұшырауы мүмкін «Қазақстанның үздік тауары-2018» көрмесінде бөтелкедегі сұйық жұмыртқа ұсынылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы