365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстанның үздік тауары-2018» көрмесінде бөтелкедегі сұйық жұмыртқа ұсынылды

  • 202
  • UPD: 19:39, 21.07.2018

Ертіс өңірінде өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2018» көрме-байқауында 50 кәсіпкер өз өнімін ұсынды.

Бүгінде өндірісті өлкеде шағын және орта бизнестің үлесі әзірге 12 пайыздан аспай тұр. Сондықтан басты мақсат - жеке кәсіп ашуға қолайлы орта қалыптастыру. Көрмеге азық-түлік, киім-кешек, қолөнер бұйымдары, жиһаз, өндірістік тауарлар қойылды. Аймақтық деңгейде «Ең үздік халық тауары», «Ең үздік сауда тауары» және «Ең үздік өнеркәсіптік тауар» аталымдары бойынша жеңімпаздар таңдалады. Олар қазан айының орта шенінде Астана қаласында өтетін республикалық көрмеге қатысады. Ал «Алтын сапа» және Қазақстанның үздік тауары» конкурстарының лауреаттары мен дипломанттары төрт жыл бойы эмблеманы өз өнімінің жарнамасы ретінде қолдану мүмкіндігіне ие болады. Жас кәсіпкер Рымкеш Мұсалинованың қолға алған кәсібі ерекше. Ол ағы мен сарысынан ажыратылған және пастерленген сұйық жұмыртқа шығарумен айналысады. Жұмыртқаның қабығы да кәдеге жарайды. Ал шикізат жергілікті құс фабрикасынан алынады. Өнім аз уақытта өз тұтынушысын тауып та үлгерген.

Рымкеш Мұсалинова, кәсіпкер:

- Жарты жыл ғана болды нарыққа шыққанымызға. Осы конкурсқа бірінші рет қатысып отырмын. Өнім тесттен өтті, енді бізді Астана тосып отыр, Алматы, Қарағанды. Қазір тапсырыстар көптеп түсіп жатыр. Енді компаниямызды кеңейтеміз деген ойдамын.

Ербол Арынов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Бүгінгі таңда біздің алдымызға «ҚР «Атамекен Ұлттық палатасы» жөніндегі заңмен бекітілген мақсаттар жүктеліп отыр. Сондықтан да кәсіпкерлердің «Атамекенмен» тығыз байланыс орнатып, өз өнімдерін нарыққа шығаруына толық мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы