374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықтың елімізде құрастырылған көліктерді сатып алуы артты

  • 218
  • UPD: 15:25, 25.07.2018

Елімізде көлік сатып алған әрбір екінші адам отандық автокөлікті таңдады.

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов хабарлады. Оның айтуынша, қазақстандық техникаға деген сұраныстың жоғары болуы өндіріс қарқынына зор ықпалын тигізді. Мәселен, жеңіл автокөлік өндірісі шамамен 80 пайызға артып, 14 мыңға жуық машина тұтынушысын тапты. Ел тұрғындары отандық автокөлік сатып алу үшін 71 миллиард теңге жаратқан. Ел арасында басымдыққа ие болған маркалар арасында «Лада», «Хюндай», «Киа», «Джек» сынды көліктер. Қазақстандық автокөлік нарығының дамуы арқасында ел бюджетіне түсетін салық көлемі де едәуір өсті. Соңғы жарты жылдың қорытындысы бойынша бұл төлемдер көлемі 4 миллиард теңгеге жетіп қалды.

Олег Алфёров, «Қазавтоөндіріс» автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы: 

- Соңғы жарты жылдың қорытындыларын алып қарасақ, отандық автокөлік сатылымы 2 есе өсті. 15 мыңға жуық техника шығарылды. Олардың жалпы құны 88 миллиард теңгеден асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен 67 пайызға артық. Көліктердің басым бөлігі Азия авто және Сарыарқа автоөндіріс компанияларына тиесілі.

Осы категория бойынша: « МЖӘ аясында елімізде электр қуаты 40 пайызға дейін үнемделді Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы