374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға жетеді

  • 182
Елімізде мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға жетеді

2040 жылға дейін Қазақстандағы мұнай мен конденсат негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан өндіріледі.

Басқа кен орындарындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Ал соңғы 20 жылда мұнай-газ саласында ірі жаңа кен орындары ашылмаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері талқыланған жиынға 60-тан астам шетелдік ұйымның өкілдері қатысты. Мамандардың айтуынша, осы үш кен орнында өндіріс көлемі артады. Яғни кеніштердің ауқымы кеңейе түседі. Мәселен, Қашағанда 2024 жылға қарай жылына  13 млн тонндан 16 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі. Ал Теңізде 2022 жылдан кейін мұнай өндіру жылына 39 млн тоннаға дейін өседі деген жоспар бар. Қарашығанақ кен орны осы деңгейін сақтауды көздейді. Десе де, жаңғыртудан өтіп, тағы бір компрессор мен құбырдың құрылысын бастау жоспарланған. Нәтижесінде елімізде мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға жетеді. Ал биыл шикізатты өңдеу көлемі бір миллион тоннаға артады.

Осы категория бойынша: « Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы