367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

  • 162
  • UPD: 20:23, 26.07.2018
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл елімізде ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 27,2 миллиард теңге бөлінді.

Жыл басынан бері жауапты мекемелер бұл қаражаттың 10 миллиард теңгесін игеріп үлгерген. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАгро» холдингі өкілдері осылай деп мәлімдеді. Берілген қарыздар саны - 3 мыңға жуықтаған. Жалпы биылға бөлінген қаражат былтырғымен салыстырғанда біршама көп. Мәселен, 2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 17 миллиард теңге жұмсалды. Айта кетейік, өтініштерді қабылдау үздіксіз жүріп жатыр. Яғни, ауылдағы ағайынның іс бастап, кәсіп ашуына мүмкіндік мол деген сөз. Оның үстіне «Сыбаға» бағдарламасы да қайта іске қосылып отыр.

Нармұхан Сарыбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазіргі таңда 9,1 млрд теңгеге 2 мыңнан астам өтінім қарастырылуда. Және де осы жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Бағдарламаға қатысушылар өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар, жұмыссыз азаматтар немесе зәкірлік кооперациялар өздерінің өтінімдерін тапсырса бізде қаржыландыру жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Елімізде мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға жетеді Ақмола облысының 700-ден аса тұрғыны биыл өз кәсібін аша алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы