364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биылғы жарты жылда Қазақстан Әзербайжанға 93 жарым млн доллардың өнімін экспорттаған

  • 225
  • UPD: 22:10, 29.07.2018

Биыл еліміз Әзербайжанға экспорт көлемін арттырды.

Тауар айналымының ұлғаюына байланысты Қазақстан Әзербайжанға басты экспорттаушы 10 елдің қатарына еніп отыр.

Қазақстан мен Әзербайжанның сауда-экономикалық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Осы екі елдің кеден қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жартыжылдықта екі арадағы тауар айналымы 116 миллион долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда, әлдеқайда өскен. Былтыр оның көлемі 42 миллион доллар болған. Сарапшылар да Әзербайжан үшін Қазақстанмен экономикалық қатынастың маңыздылығын айтады. Бұған екі елдің транзиттік жобаларының жүзеге асуы тың серпін берді.

Чингиз Исмаилов, Каспий зерттеулер ораталығының директоры:

– Тауар айналымы әлі де арта түсетініне сенімдімін. Өйткені екі елдің де әлеуеті мен ресурстық мүмкіндіктері зор. Қазақстан өзінің тауарларын экспорттау үшін үлкен экономикалық әлеуетке ие. Ол әлем нарығына, өзіне жақын аймаққа ғана емес алыс шетелдерге де бидай, көмір, мұнай, газ, құрылыс материалдарын жеткізіп отыр.

Биылғы жарты жылда Қазақстан Әзербайжанға 93 жарым миллион доллардың өнімін экспорттады. Нәтижесінде, Қазақстанның Әзербайжан импортындағы үлесі 2 пайызға жетіп, мемлекеттің негізгі сауда серіктесіне айналып отыр.

Вахид Ахмедов, Әзербайжан парламентінің депутаты:

– Әлеует шынымен де жоғары. Біз екі арадағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізе аламыз. Қазақстан Әзербайжан секілді көмірсутегі ресурстарын өндіріп, экспорттайды. Сондықтан бұл мемлекет біз үшін маңызды. Тағы айта кететін жайт, екі елдің іскер топтарының байланысы күшейіп келеді.

Қазақстан Әзербайжанға негізінен мұнай, бидай өнімдері мен кондитерлік тауарлар және өндірістік өнімдерді экспорттайды. Әзербайжан да азық-түлік және өндірістік өнімдердің экспортын ұлғайтуда. Келешекте тараптар тауар түрлерін еселей түсуді көздеп отыр. Олардың қатарын дәрі-дәрмек, сусындар және металлургия өнімдері толтыруы мүмкін.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Осы категория бойынша: « Ақмола облысының 700-ден аса тұрғыны биыл өз кәсібін аша алады Елімізде жаңа шағын кәсіпорындар қатары артып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы