365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық Қазына» қоры сыртқы қарызын уақытынан бұрын өтеді

  • 219
  • UPD: 14:27, 03.08.2018

Ағымдағы жылдың жарты жылында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кірісі 3 трлн 300 млн  теңгеден асып түсті.

Осылайша ұлттық қор өткен жылғы көрсеткішті 28 пайызға еселеп, жылдық жоспарды 78 пайызға орындады. Үкімет үйінде өткен баспасөз маслихатында холдинг өкілдері осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, бұл көрсеткіш негізінен мұнай өңдеу, электр энергиясының өндірісі, теміржол жүк тасымалы көлемінің артуымен тікелей байланысты. Табыстың еселенуі есебінен қор сыртқы қарызының бір бөлігін уақытынан бұрын өтеп қойған. Сома аз емес, 900 млн АҚШ доллары. Нақтылай кетейік, бұл қарыз Самұрық Қазынаның қоржындық компанияларына тиесілі.

Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніңдегі басқарушы директоры: 

- Негізнен бізде Қазмұнайгаз, ҚТЖ және Самұрық энерго компанияларының сыртқы борыштары өте үлкен болды.  Осы жылдың басында біз осы мәселені  көп талқылап нақты жұмыстарды алдымызға қойдық. Біз 900млн долларды сыртқы банктерге төлеп шықтық. Осы жарты жылда. Дегенмен олардың төлем уақытысы 2020 жылы болуы керек болатын.

Осы категория бойынша: « Арқалықта минерал өңдеуші зауыт ашылады Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығы артады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы