374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар теңге бағамының төмендеуіне әсер еткен факторларды атады

  • 216
  • UPD: 21:41, 03.08.2018

Теңгенің долларға шаққандағы бағамының құлдырауына бірнеше фактор әсер етті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифингте Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, теңге бағамының әлсіреуіне әсер еткен факторлардың бірі – АҚШ-тың Федералды резеревтік жүйесі мөлшерлемесінің өсімі. Соның нәтижесінде ірі акционерлер нарықтан қаржыларын кері қайтара бастаған. Осы орайда айта кетсек, Қазақстанның пайыздық мөлшерлемесі инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Алайда сыртқы экономикалық ахуал компаниялардың инвестициялық стратегиясын өзгертуге ықпал етті. Олар өз кезегінде құнды қағаздарға және Ұлттық банктің нотасына байыппен салым жасауда. Яғни біртіндеп сауда көлемін азайтып, акцияларды сатып алуға кіріскен. Осыған қарамастан Ұлттық банктің еркін айырбастау бағамы туралы саясаты  экономикадағы тепе-теңсіздікті болдырмауға әсер етіп отыр.

Иван Сердюк, ҚР ҰБ департаментінің басшысы:

- Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістер кейбір елдердің экономикасына әсер етуде. Мәселен, мұнай бағасы, өзге елдердің валюта бағамының құбылмалылығы – біздің теңгеге де әсер ететін негізгі факторлардың бірі.  Мұнай бағасы әзірге тиімді және ұлттық валютамызға қолайлы ахуал қалыптастырып тұр.

Осы категория бойынша: « Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығы артады KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 348,48 теңге »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы