374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік кәсіпкерлер ЕАЭО аясында елімізбен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

  • 238
  • UPD: 22:46, 07.08.2018

Еуразиялық одақ кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Шаруасын дөңгелетуге бел шешкен азамат тек бір елмен шектеліп қоймай, көршілес мемлекеттің нарығында да емін-еркін бизнес жүргізуге мүмкіндік бар.

Бұл жайдың нәтижелі тұсын байқаған «Вишневский» шаруа қожалығы. Еліміздің батыс өңірімен көршілес орналасқан орынборлық мекеме Қазақстан нарығына алғашқы қадам жасаған. 

Вишневский шаруа қожалығы бір мезетте 120 мың бас жануар өсіруге қауқарлы. Нарықта сұранысқа ие шошқаның йоркшир, ландрас және дюрок тұқымдары. Салмағы 100 келіден асатын етті доңыздар Франциядан алынған. Жануарлар жыл бойы ғимарат ішінде болғандықтан ауа-райының ерекшелігі олардың өсуіне ешқандай әсер етпейді.

Юлия Ералиева, зоотехник-есепші:

- Бұл жетістіктер жан-жақты жұмыстың нәтижесі. Заманауи жолмен ұрықтандыру арқылы түрлі дертке төзімді жануарлар дүниеге келеді. Әрине Еуропалық әдіспен тамақтандыру да маңызды.

Дәл қазір шаруа қожалығында 80 мың бас жануар бар. Етті тұқымды доңыздарға қызығушылық жоғары. Мәскеу, Санкт-Петербордан бастап, Ресейдің өзге де өңірлеріне жеткізіліп отырады. Жақын күндері Қазақстанға да 6 мың бас жануар жөнелтілмек.

Вильдан Муратов, «Вишневский» генетикалық-ұрықтандыру орталығының директоры:

- Қазір Қазақстан нарығын зерттеуді қолға алдық. Доңыз шаруашылығын Қазақстанда дамытамын дейтін әріптестермен біріге жұмыс жасауға дайынбыз. Ол үшін біздің мүмкіндігіміз де бар.

Доңыздарды жасанды жолмен ұрықтандыру, қажетті дәрумендермен қамтамассыз ету еуропалық стандарттарға сай. Бұл сапалы ет өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Осы категория бойынша: « KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 348,82 теңге Астанада Түрік кеңесіне мүше елдердің туризм саласына жауапты министрлер бас қосты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы