374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді

  • 116
  • UPD: 12:15, 08.08.2018
Б.Сағынтаев ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Отырыс барысында 2019–2020 жылдарға арналған жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Ыстамбұл жоспары аясында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды. Бұған қоса, биыл қараша айында Парижде өтетін Еуразия апталығы – 2018 шарасына Қазақстанның қатысу мәселесі қаралды.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Осы категория бойынша: « Астанада Түрік кеңесіне мүше елдердің туризм саласына жауапты министрлер бас қосты Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерде бір ғана виза болуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы